Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз олардың салдарын жақсы түсінеміз": Блинкен санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты

Опубликовано:

Энтони Блинкен мен Мұхтар Тілеуберді. Фото
Энтони Блинкен мен Мұхтар Тілеуберді. Фото: NUR.KZ/Аленка Бутенко

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннен сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз конференциясында Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға әсерін қалай бағалайтынын сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сұрақтарға жауап бере отырып Блинкен, антиресейлік санкциялар жайдан-жай пайда болмағанын айтты. Оның айтуынша санкциялар Ресейдің Украинаға басып кіруіне жауап ретінде, сондай-ақ Ресейге Украинадан өз әскерін шығаруға және оған қатысты агрессияны тоқтату үшін, қысым ретінде пайда болған.

"Біз аталған санкциялардың салдары өзге елдерге қалай әсер ететінін көріп отырмыз. Бұл туралы біз С5+1 форматында айттық және Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясы Украина ғана емес, бүкіл әлем бойынша басқа да көптеген елге теріс әсер етуде. Біз арнайы лицензиялар береміз, серіктестік ретінде жұмыс істейміз және жаңа сауда серіктестіктерін дамыту үшін С5+1 елдеріне қолдау көрсетеміз.

Мысалы, лицензиялар Ресейге қарсы санкцияларға қатысатын елдердегі компанияларға, тіпті кәсіпорындарға берілді, олардың ішінде Ресеймен жұмыс істеуді азайтып, шектей алатын және жаңа мүмкіндіктер таба алатын компаниялар да бар. Біз Ресейге қарсы санкциялардың салдары туралы өте жақсы түсінеміз. Бірақ біз жаңа серіктестер құру үшін, Орталық Азиядағы серіктестер үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бар күшімізді саламыз", – деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы.

Бұл ретте СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен Ресей экономикасы ұзақ уақыт, оның ішінде ЕАЭО Кеден одағының арқасында өзара байланысты екенін, алайда Қазақстан өз аумағын Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту үшін пайдалануға жол бермейтінін атап өтті. Сондай-ақ, бүгін Сыртқы істер министрі Қазақстан Ресей тарапынан қандай да бір қауіп-қатерді байқамайтынын мәлім еткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011225-biz-olardyn-saldary-baryn-tusinemiz-blinken-sankciyalardyn-qazaqstanga-aseri-turaly-aitty/

pixel