Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мазасын өзім кетіремін": Павлодар облысының әкімі шыбын-шіркейлермен күреске жауаптыларға ескерту жасады

Опубликовано:

Асайын Байханов
Асайын Байханов. Фото: instagram.com/asaiyn.baikhan

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Instagram парақшасында шыбын-шіркейлерге қарсы жұмыс туралы сөз қозғады. Айтуынша, билік көктемге дейін дезинсекцияға дайындық жүргізбесе, оның зардабын халық тартады.

Асайын Байханов шенеуніктермен шыбын-шіркейлерге қарсы күрес бойынша жұмыс кеңесін өткізген.

Облыс әкімінің айтуынша, өткен жылы жіберілген қателіктер ескерілген. Сондай-ақ бюджет ұлғайтылып, авиация тартылған.

"Егер билік алдын ала, тіпті, көктемге дейін дезинсекцияға дайындық жұмыстарын жасамаса, онда павлодарлықтарды жаз бойы шіркейлер мен масалар шағып, зардабын тартады", - деп жазды ол.

Сонымен қатар Байханов Ертістегі қоймалардан су жіберілуіне қарамастан, саяжайлар мен көпқабатты үйлердің жертөлелеріндегі жиналатын суды өңдеуді сәуірдің екінші онкүндігінен бастауды тапсырған.

"Облыстық басқармалардың басшыларына, ғылыми топқа және мердігерлерге егер осы маусымда облыс тұрғындарын сәтсіздікке ұшыратса, мен өзім олардың мазасын кетіремін деп ескерттім", - деп жазды Асайын Байханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011278-mazasyn-ozim-ketiremin-pavlodar-oblysynyn-akimi-sybyn-sirkeilermen-kureske-zauaptylarga-eskertu-zasady/

pixel