Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанат Жақметова Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Жанат Жахметова
Жанат Жахметова. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Жанат Зарубекқызы Жақметова берген өтінішіне сәйкес Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтында хабарланды.

Жанат Жақметова 1986 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін және Абердин университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ сынақ зертханасының жетекші маманы болып бастады.

Әр жылдары ақпараттандыру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары Инвестициялар және даму министрлігі байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2016-2020 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары болды.

2020 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011284-zanat-zaqmetova-energetika-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel