Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрғылаушы Дастан Мұқажанов "Құсмұрын-Ақбастау" кенішіндегі жұмысы жайлы айтты

Опубликовано:

шахтеры из ВКО
Фото: Kazakhmys Holding

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС иелігіндегі кеніштердің бірі – «Құсмұрын-Ақбастау» орналасқан. Онда компания қызметкерлері мыс-сульфидті кенді ашық және жер асты тәсілдерімен өндіреді. Кен орындарының қашықтығына байланысты мамандар вахталық әдіспен жұмыс істейді.

Солардың бірі – жас әрі болашағы зор шахтер, шпур бұрғылаушы Мұқажанов Дастан Бауыржанұлы. Маман компанияға 2010 жылы Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледжін «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша аяқтай салысымен орналасқан.

шахтеры из ВКО
Фото: Kazakhmys Holding

«Құсмұрын-Ақбастау» кенішінде вахта жұмысын Дастан Мұқажанов 3 жыл бұрын бастаған, бұған дейін Нұрқазғанда еңбек еткен. Бұрғылаушы жұмысын жақсы көретінін, ал ісіне деген сүйіспеншілік үйден және отбасынан жырақта уақыттың тезірек өтуіне септесетінін айтады. Бұл жерде вахташылардың жұмыс істеуі мен жайлы тұрмысы үшін корпорация жасаған жақсы жағдайлар да аз рөл атқармайды.

«Жалақы жақсы және біз оны әрдайым уақытында аламыз, отбасының қажеттіліктері үшін жеткілікті. Мұнда еңбек жағдайлары жақсы, асы да тамаша. Бөлмелерде ұзақ және жайлы өмір сүру үшін барлық жағдайлар жасалған, адамға қажеттің барлығы бар. Ең бастысы жұмыс жаса, қауіпсіздік техникасын сақта, сонда бәрі жақсы болады», - дейді шахтер.

Бұрғылаушының айтуынша, мықты және тату отбасына көп ұқсайтын үйлесімді еңбек ұжымы да жұмысты жеңілдете түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011337-burgylausy-dastan-muqazanov-qusmuryn-aqbastau-kenisindegi-zumysy-zaily-aitty/

pixel