Дәурен Абаев таяуда жаңа қызметке тағайындалмақ
Жарияланған күні:
Дәурен Абаев ТМД бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ақпаратты NUR.KZ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі растады.
"Иә, растаймыз. Ол (Дәурен Абаев – ред.) ТМД бас хатшысының орынбасары болып тағайындалады. Абаев 7 наурызда Минскіге ұшады. Ол Қазақстаннан басқа өкіл Бекетжан Жұмахановтың орнына тағайындалады", – деп хабарлады NUR.KZ тілшісіне СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске салайық, биыл қаңтар айының басында Дәурен Абаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылған болатын.
Қаңтар айының соңында оның адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамынан шығарылғаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011509-dauren-abaev-tayauda-zana-qyzmetke-tagaiyndalmaq/