Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЖСДП: Қазақстанның интеграциялық процестерге мүшелігі әділ болуға тиіс

Опубликовано:

ЖСДП
Фото: ЖСДП баспасөз қызметі

Қазақстанның интеграциялық процестерге мүшелігі ойынның әділ ережелеріне негізделуге тиіс. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберіндегі бүгінгі күн тәртібінде социал-демократтардың "Бостандық, әділдік, ынтымақтастық" ұраны өзекті боп тұр деп санайды.

Жақында біздің еліміз кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы Келісімді ратификациялады.

Баждардың бөлінуіне қатысты пропорциялар мәселелері қайта көтерілді. Арменияда - 1,22%; Қырғызстанда - 1,9%, Беларусьте - 4,86%; Қазақстанда - 6,95%, Ресейде - 85,065%

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттер арасындағы кедендік әкелу баждарынан ең үлкен шығынға ұшырады. 2013 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан осы интеграциялық бірлестіктен 97 миллиард теңге жоғалтса, 2022 жылғы теріс сальдо 244 млрд теңгені құрады.

Кедендік әкелу баждарының қарсы ағындары бойынша оң сальдо соңғы бес жыл ішінде байқалды. Дегенмен көрші елдердегі геосаяси жағдайдың өзгеруімен және осы елдердегі сыртқы экономикалық қызметтің қысқаруымен 2022 жылы Қазақстан бюджетіне небәрі 291,6 млрд теңге кедендік әкелу баждарының сомасы түсті, бұл өз кезегінде 244 млрд теңге мөлшерінде теріс сальдоға алып келді.

Қазақстандық тарап осы интеграциялық бірлестік құрылған кезден бастап оның еліміздің экономикалық мүдделерін сақтау үшін ғана құрылғанын және ЕАЭО-да ешқандай саяси бастамалар болмауға тиіс екенін ұдайы атап көрсетеді.

Дегенмен аталмыш интеграциялық бірлестікке қатысудың экономикалық артықшылықтары бұлыңғыр.

"Соғыстар мен қақтығыстар біздің Еуразиядағы ынтымақтастық туралы түсінігімізді толығымен өзгертті. Бірақ азаматтарымыз соғыс әрекеттерін біздің мемлекетіміз жүргізіп жатқандай сыртқы жағдайларға байланысты зардап шекпеуі керек. Біз еліміздің интеграциялық процестерге қатысуын қайта қарауға және басқа мемлекеттер біздің есебімізден байып, адал емес бәсекелестікте үкіметімізге зиян келтіруге тырысқан жағдайда қатаң ойын ережелерін орнатуға ниеттіміз. Біздің позициямыз – стратегиялық салалардағы қалыпты протекционизмді ұстану", - деп есептейді ЖСДП-дан партиялық тізім бойынша кандидат Мирамбек Камалов.

Қазақстан агрессивті әскери блоктарға қатыспайтын, қолдамайтын мемлекет ретінде берік позициясын сақтауы керек. Ядролық қарусыздану мен демилитаризацияға ықпал ететін, халықаралық терроризм мен есірткі трафигіне қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыратын, қарудың заңсыз саудасы мен заңсыз көші-қонға бақылауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды әзірлеуді және қолдауды жақтауға тиіс.

Басып шығарушы: баспасөз қызметі Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Астана қаласы, Қабанбай батыр 5/1

Тапсырыс беруші: Самбетбай Тазабек

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия сайлауалды қорының қаражат есебінен төленді.

*Бұл ақпаратты кез келген БАҚ-та кез келген түрде көшіруге, жариялауға, қайта басып шығаруға, көбейтуге және/немесе таратуға тыйым салынады (веб-сайтта, БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі, әлеуметтік және блог-платформалардағы аккаунттарында, мессенджерлерде жариялау және қайта жариялау); сондай-ақ бұл ақпаратты кез келген әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жалпыға ортақ және жеке аккаунттарда таратуға және репост жасауға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011619-zsdp-qazaqstannyn-integraciyalyq-procesterge-museligi-adil-boluga-tiis/

pixel