Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Шымкент қаласында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті

Опубликовано:

Шавкат Мирзиеев және Қасым-Жомарт Тоқаев
Шавкат Мирзиеев және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Шымкент қаласында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы одақтастық қатынастардың қазіргі жағдайын және оны нығайту перспективаларын өзара сенім, достық және тату көршілік рухында қарастырған.

Сондай-ақ тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр желтоқсан айында Ташкентке жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылаған.

Екі ел басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне де ерекше назар аударған. Атап айтқанда, өзара тауар айналымын арттыру, инвестиция тарту, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы қарым-қатынастарды дамыту перспективалары туралы сөз болған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011710-toqaev-symkent-qalasynda-ozbekstan-prezidenti-savkat-mirzieevpen-beiresmi-kezdesu-otkizdi/

pixel