Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наталья Годунова Тоқаевқа Жоғары аудиторлық палатаның атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді

Опубликовано:

Наталья Годунова мемлекет басшысының қабылдауында
Наталья Годунова мемлекет басшысының қабылдауында. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Кездесу барысында Наталья Годунова президентке Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмыстары жөнінде есеп берген.

Оның айтуынша, 2022 жылы барлығы 5 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысы бойынша 124 нысанда 20 аудиторлық тексеріс жүргізілген.

Сонымен қатар Наталья Годунова мемлекет басшысына жоғары аудит органының осы жылға жоспарлаған аудиторлық және сараптамалық-талдау шаралары туралы мәлімет берген.

Годунованың сөзінше, биыл жылу энергетика кешенінде, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде және басқа да мекемелерде аудит жүргізу көзделіп отыр.

Кездесу соңында президент Наталья Годуноваға Жоғары аудиторлық палатаны одан әрі трансформациялау және мемлекеттік аудит жүйесін дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011883-natalya-godunova-toqaevqa-zogary-auditorlyq-palatanyn-byltyr-atqargan-zumystary-zoninde-esep-berdi/

pixel