Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев орта ғасырда әлем баспаларында жарық көрген Қазақ хандығы картасымен танысты (фото)

Опубликовано:

Президентке қазақ хандығы картасы көрсетілді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауы. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаров орта ғасырда әлем баспаларында жарық көрген Қазақ хандығы картасын таныстырды, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаров президентке өзінің "Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVІ-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті" атты жаңа еңбегі туралы баяндады.

Оның айтуынша, 1465 жылы Қазақ хандығы құрылған кезден бері мемлекет атауы Батыс елдерінің озық картографиялық баспаларынан шыққан атлас карталарынан қалыс қалып көрмеген.

Олардың арасында Америка Құрама Штаттары, Бельгия, Англия, Франция, Италия, Германия және басқа да мемлекеттерде басылған карталар бар.

Қазақ хандығы карталары
Қазақ хандығы карталары. Фото: Ақорда

Аталған еңбекте мемлекеттігіміз анық көрсетілген және орта ғасырлардан, яғни 1562 жылдан бастап 1879 жылға дейінгі кезең қамтылған. Барлығы – 130 карта.

Автор кітаптың Бельгия баспасынан шығуын бельгиялық, нидерландық картографтар Қазақ мемлекеттілігін алғашқылардың бірі болып картаға түсірумен байланыстырады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың еңбегіне жоғары баға беріп, еліміздің барлық өңірінде және халықаралық іс-шараларда арнайы көрмелер ұйымдастыру қажет екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011958-toqaev-orta-gasyrda-alem-baspalarynda-zaryq-korgen-qazaq-xandygy-kartasymen-tanysty-foto/

pixel