Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайсар Сұлтанбаев ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Опубликовано:

Қайсар Сұлтанбаев
Қайсар Сұлтанбаев. Фото: polisia.kz

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болып Қайсар Сұлтанбаев тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, министрліктің басшы құрамына Қайсар Сұлтанбаевты Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов таныстырған.

Министр Қайсар Сұлтанбаевтың әр түрлі жауапты лауазымдардағы үлкен жұмыс тәжірибесін, жоғары кәсібилігін атап өтіп, оған жаңа жұмыс орнында табыс тілеген.

Сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және полиция қызметіне сервистік тәсілдерді енгізудің маңыздылығын жеткізген.

Айта кетейік, Қайсар Сұлтанбаев осы тағайындауға дейін былтыр қыркүйек айынан бастап ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2012032-qaisar-sultanbaev-iim-akimsilik-policiya-komitetinin-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel