Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі жер учаскесі оқу орнының меншігіне қайтарылған": Тоқаев ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жансейіт Түймебаев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жансейіт Түймебаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

Кездесу барысында Түймебаев мемлекет басшысына университеттің академиялық, ғылыми-зерттеу, инновациялық қызметінің нәтижелері және оқу орнын дамытудың жаңа бағыттары мен перспективалары баяндады.

Оның айтуынша, бүгінде университетте 24 мыңнан астам студент, соның ішінде әлемнің 54 елінен 2,8 мың шетелдік азамат білім алады. 542 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, ғылыми орталықтар мен ғылыми жобалар саны артқан.

2022 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, БАӘ және Түркияның жетекші университеттерімен 30-дан астам келісімшарт жасалған. Ыстанбұл және Бішкек қалаларында ҚазҰУ-дың филиалдары жұмыс істейді. Алматыда университет базасында МИФИ (Мәскеу) филиалы ашылды.

Сондай-ақ Түймебаев президентке былтыр оқытушы-профессорлар құрамының жалақысы көтерілгенін айтты. Сонымен қатар оқу ғимараттарына, зертханаларға, жатақханаларға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сот шешімі бойынша ҚазҰУ меншігіне екі жер учаскесі қайтарылған.

Президент университетті одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті және жоғары оқу орнының халықаралық мәртебесін нығайтып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту қажет екеніне назар аударды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2012461-eki-zer-ucaskesi-zoo-ga-qaitarylgan-toqaev-qazuu-rektory-zanseiit-tuimebaevty-qabyldady/

pixel