Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен кеңес
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен кеңес. Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен өткен кеңесте бір аймаққа ғана белгілі адамдарға ескерткіш орнату мәселесіне тоқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының айтуынша, әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады. Ал халқымыздың ұлттық бірегейлігі мен бірлігін нығайту маңызды міндет.

"Соңғы кезде бір аймаққа ғана белгілі адамдарға ескерткіш орнату сәнге айналды. Жергілікті ономастика комиссиялары бұған жол бермеуге тиіс. Орынсыз шешімдерге Республикалық комиссия тосқауыл қоюы керек.

Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады. Осыған назар аударыңыздар. Кеңестік кезең қайраткерлеріне, соның ішінде жаппай қуғын-сүргінге тікелей қатысы бар адамдарға ескерткіш, бюст орнату ісі әлі жалғасып келеді.

Өмірде болмаған ерлік істерге толы өмірбаяндар ойдан құрастырылып жатыр. Олар туралы деректер архив құжаттарында нақтыланбаған немесе мүлде жоқ. Кейбір белсенді топтар азаматтарымызды кеңестік кезеңдегі партия және мемлекет қайраткерлерінің аңызға бергісіз өмірбаяндарына сенуге мәжбүрлеп жүр", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, бүгін Ақордада президент әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2012693-toqaevarkim-oz-babasyna-eskertkis-qoya-berse-elde-rusyldyq-zersildik-belen-alady/

pixel