Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сайлаудан кейін жария етемін": Тоқаев бірқатар тың бастаманы ойластырып жатқанын айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен өткен кеңесте бірқатар тың бастамалар ойластырып жатқанын айтып, оны сайлаудан кейін жариялайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Жиында мемлекет басшысы халықтың тұрмыс сапасын арттыру үкімет пен облыс әкімдерінің ең басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ президент азаматтарымыздың елімізде оң өзгеріс болып жатқанын сезінуі қажеттігіне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, ол үшін игі бастамалардың мән-маңызын халыққа ұдайы айтып отырған жөн.

"Біз тұрақсыздыққа апаратын әрекеттерге жол бермейміз. Мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алу қажет. Елге іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған адамдар қатаң жазаланады. Арандатуға қарсы күрес заң аясында, жедел әрі жүйелі түрде жүргізілуі керек. Тиісті заңдарымыз бар, оларды қатаң сақтауымыз керек. Әйтпесе әрекетсіздіктің салдары еліміз үшін өте қауіпті болуы мүмкін.

Мен бірнеше рет айтқанымдай, бізге ең алдымен, заң үстемдігі аса қажет. Заң сақталса және азаматтық жауапкершілік жоғары болса, қоғамда тәртіп болады. Тұрақтылық бар жерде ғана даму, өркендеу болады. Ел бірлігі – реформаларды табысты жүзеге асырудың басты кепілі. Сондықтан ырысты ынтымақпен білек сыбана жұмыс істеуіміз қажет.

Мемлекетті жан жақты жаңғыртуға қатысты жұмыс болашақта жалғасын табады. Осы орайда мен бірқатар тың бастаманы ойластырып жатырмын. Оны сайлаудан кейін жария етемін", – дейді президент.

Айта кетейік, бүгін Ақордада мемлекет басшысы әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2012694-sailaudan-keiin-zariya-etemin-toqaev-birqatar-tyn-bastamany-oilastyryp-zatqanyn-aitty/

pixel