Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа қызметке келді

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Елжан Біртанов. Фото: facebook.com/Guma1224

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов QazMed республикалық салалық медицина қызметкерлері кәсіподағы төрағасының кеңесшісі болды. Бұл туралы Қазақстан кәсіподақтар федерациясы медиа орталығының директоры Гүлмира Қаракөзова Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлмира Қаракөзованың айтуынша, 13 наурызда Кәсіподақтар федерациясының кеңсесінде QazMed республикалық салалық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрағасының жаңа кеңесшісі таныстырылған. Ол - Елжан Біртанов.

Медиа орталық директорының жазуынша, QazMed төрағасы Әлиакпар Мәтішев әріптестерін құттықтай отырып, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік-әріптестік қатынастарды дамытуда көп тәжірибесі бар Елжан Біртановқа үлкен үміт артып отырғанын айтқан.

Cондай-ақ әріптестері алдында сөз сөйлеген Елжан Амантайұлы өзінің бар тәжірибесі мен білімін медицина қауымының мүддесін ілгерлету үшін жұмсайтынын атап өткен.

"Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселесінде кәсіподақтың рөлі маңызды. Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік серіктестермен бірлесіп шешуге тиіс мәселелер әлі де бар. Мәселен, медицина қызметкерінің мәртебесін заңды түрде анықтау, медицина мекемелерін кадрлармен қамтамасыз ету, жас мамандарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина қызметкерлерін лайықты еңбекақымен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыруды жалғастыруымыз керек. Салалық келісімге тиісті өзгерістер енгізу қажет", - дейді экс-министр.

Айта кетейік, Елжан Біртанов 2017-2020 жылдар аралығында еліміздің Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2012817-buryngy-densaulyq-saqtau-ministri-elzan-birtanov-zana-qyzmetke-keldi/

pixel