Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев әскери полиция органдары туралы заңға қол қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әскери полиция және қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бойынша бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

"Мемлекет басшысы "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", – делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сонымен қатар президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары және қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойған.

Аталған заңның да мәтіні баспасөзде жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2012865-toqaev-askeri-policiya-organdary-turaly-zanga-qol-qoidy/

pixel