Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алматы облысының әкіміне Қонаев қаласын дамытуды тапсырды

Опубликовано:

Президент Алматы облысының әкімін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марат Сұлтанғазиев. Фото: Т.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдап, кездесу барысында президент Қонаев қаласын дамытуды тапсырды, деп жазады Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

Облыс әкімі президентке өңір экономикасының өсімін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасы мен табысын арттыру, сондай-ақ жаңа облыс орталығын дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берді.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, былтыр облыста әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі саласы бойынша тұрақты өсім көрсеткіші сақталған. Яғни 37,2 мың жұмыс орны ашылса, оның 26,3 мыңы – тұрақты жұмыс.

Мемлекет басшысына өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру, тұрғындар мен шаруашылық нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи апаттар салдарынан болатын залалды мүмкіндігінше азайту жөнінде мәлімет берілді.

Президент облыс орталығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді даму жоспарының әзірлену барысымен танысты.

Әкім көктемгі егін егу жұмыстарына, саяжай алаптары жөніндегі түйткілдердің шешілуіне, инженерлік инфрақұрылымның реконструкциясына және ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтаруға қатысты мәселелер туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қонаев қаласын дамыту жоспарын пысықтау жөніндегі жүйелі жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ облыс аумағын кешенді дамыту міндеттерін жүзеге асыруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2012881-toqaev-almaty-oblysynyn-akimine-qonaev-qalasyn-damytudy-tapsyrdy/

pixel