Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Әшім президенттің протокол қызметінің бастығы болып тағайындалды

Опубликовано:

Марат Әшім
Марат Әшім. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім президенттің протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми Тelegram-арнасы.

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы президентінің протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген ақпарат көзінде.

Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Дмитрий Леонидович Михно президенттің протокол қызметінің бастығы лауазымынан босатылған.

"Параграф" сайтының ақпаратынша, Әшім Марат Кенжеғалиұлы 1987 жылы 13 мамырда дүниеге келген.

Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын бітірген.

2009 жылы Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік және бақылау департаментінде дипломатиялық қызметкер болған.

2010-2012 жылдары Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік проткол қызметінің үшінші хатшысы болды.

2012-2013 жылдары Президент әкімшілігі президенттің пртокол қызметінің референті қызметін атқарды.

2013-2014 жылдары Президент әкімшілігі президенттің пртокол қызметінің сарапшысы болды. Сонымен қатар ол Президент әкімшілігі президенттің кеңесшісі және хаттама инспекторы қызметтерін атқарған.

2017-2018 жылдары Президент әкімшілігінің президенттің протокол секторының меңгерушісі болды.

2018 жылдан бастап президенттің протокол қызметінің меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2012957-marat-asim-prezidenttin-protokol-qyzmetinin-bastygy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel