Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жұмыс сапарымен Анкараға барды (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара әуежайында қарсы алуда
Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара әуежайында қарсы алуда. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Іс-шара барысында ұйымның апат пен төтенше жағдайлар менеджменті және гуманитарлық көмек саласындағы қызметінің басым бағыттары, соның ішінде табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықты үйлестіруге және нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар сапар барысында мемлекет басшысы Түркия президентімен кездесу өткізеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013074-toqaev-ankaraga-zumys-saparymen-bardy-foto-video/

pixel