Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЖСДП: Мықты ауыл - ел қауіпсіздігінің негізі

Опубликовано:

ЖСДП
Фото: ЖСДП баспасөз қызметі

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Қазақстандағы азық-түлік бағасы мәселесіне қатысты пікір білдіріп, өз ұсынысын жасады.

"Мемлекетіміз Орталық Азия елдері арасында баға көрсеткіші, оның ішінде азық-түлік құнының өсімі бойынша көш бастап тұр. Инфляция болса, Ұлттық банк болжамы бойынша өзінің шарықтау шегіне бірінші тоқсанда жетеді. Бұл Қазақстанда мықты ауыл шаруашылығының жоқтығының жарқын дәлелі.

Ресми деректерге сүйенсек, бізде бәрі тамаша: Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстан тек алты позиция бойынша ғана ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етпейді: бұл - түйіршіктелген қант, аталмыш өнімге қатысты отандық өндіріс есебінен қамтамасыз ету көрсеткіші 42,6%-ды, ірімшіктер мен сүзбе – 56%, шұжық өнімдері – 56,4%, салқындатылған және мұздатылған балық – 65,8%, құс еті (оның ішінде тауық еті) – 66,2% және алма – 73,7% құрайды.

Шын мәнінде, әрбір бағыт бойынша егжей-тегжейлі талдайтын болсақ, өндірілетін тауарларды қазақстандық деп атай алмас едік. Мәселен, агроөнеркәсіптік кешендегі импорттық құрамдастың үлесі өте жоғары. Біз шетелдік жабдық пен шикізаттарды сатып аламыз, тыңайтқыштардың басым бөлігін импорттаймыз.

Азық-түлік бағасының өсуінен фермерлер пайда көрмейді. Пайданың көп бөлігі делдалдардың қалтасына түседі.

Ресми статистика бойынша эрозиялық-қауіпті ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданы 90 млн гектардан асатындығын (бұл ретте жайылымдық жерлер 183,4 млн гектарды құрайды), оның 29,3 млн гектары іс жүзінде эрозияға ұшырағанын және одан әрі пайдалануға жарамсыз екендігін ескерсек, елімізде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің өткір екендігін түсінеміз. Осы ретте біз келешекті, болашақ ұрпақты ойлауымыз керек.

Жақында Астана төрінде өткен дөңгелек үстел шеңберінде партияның баспасөз қызметінің басшысы:

"Көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында тұрған біздің мемлекетімізде жер ресурстарына деген мұндай көзқарас ақылға қонбайды. ЖСДП ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қатысты жеке меншікті жою, ауыл тұрғындарынан заңсыз алынған шартты жер үлестерін (пайларын) қайтаруды ұсынады", - деп атап өтті.

Бұдан бөлек, партия ауыл тұрғындарының тұрғын үй қорын мемлекет қаражаты есебінен, орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне, сондай-ақ әрбір үйге газбен қосыла отырып жаңартуды ұсынады.

Жайылым алаңын ұлғайту және оның жем-шөп сыйымдылығын жақсарту есебінен жем-шөп базасының құнын төмендету, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен жайылым инфрақұрылымы объектілерін салу арқылы жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін жағдайлар жасау қажет.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін кооперативтерді дамыту маңызды", - делінген партияның пікірінде.

Басып шығарушы: баспасөз қызметі Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Астана қаласы, Қабанбай батыр 5/1

Тапсырыс беруші: Самбетбай Тазабек

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия сайлауалды қорының қаражат есебінен төленді.

*Бұл ақпаратты кез келген БАҚ-та кез келген түрде көшіруге, жариялауға, қайта басып шығаруға, көбейтуге және/немесе таратуға тыйым салынады (веб-сайтта, БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі, әлеуметтік және блог-платформалардағы аккаунттарында, мессенджерлерде жариялау және қайта жариялау); сондай-ақ бұл ақпаратты кез келген әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жалпыға ортақ және жеке аккаунттарда таратуға және репост жасауға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013158-zsdp-myqty-auyl-el-qauipsizdiginin-negizi/