Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Түркияда өтетін алдағы президент сайлауында Режеп Тайип Ердоғанға сәттілік тіледі

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда өтетін алдағы президент сайлауында Режеп Тайип Ердоғанға сәттілік тіледі. Бұл туралы ол Түркі мемлекеттері ұйымының "Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек" атты кезектен тыс саммитінде айтты, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

"Қиын сәтте халықаралық қауымдастықтың түрік халқына қолдау көрсетуі Режеп бейдің жоғары беделі мен еліне жасап жатқан риясыз қызметінің нәтижесі деп санаймын.

Биыл Түркия Республикасына 100 жыл толады. Бұл – үлкен тарихи меже. Түркия қысқа мерзімнің ішінде қуатты, ықпалды мемлекетке айналды. Оның халықаралық ықпалы және беделі, расында, өте күшті. Осы жерде Режеп Тайип Ердоғанның еңбегі және үлесі айқын. Оны бүкіл әлем мойындап жатыр.

Осы ретте, қадірменді Режеп Тайип Ердоған мырзаға алдағы Президент және Парламент сайлауында сәттілік тілеймін. Түрік жұрты сізге барынша қолдау көрсетеді деп сенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ президент көпшілікті алда келе жатқан Наурыз мерекесімен және Рамазан айының басталуымен құттықтады.

"Баршаңызды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Тұтас түркі жұртына ортақ Әз-Наурыз бәрімізге бақ-береке әкелсін!

Сонымен қатар Наурызбен тұспа-тұс келетін он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазанның басталуына орай ізгі тілектерімді қабыл алыңыздар", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013212-toqaev-turkiyada-otetin-aldagy-prezident-sailauynda-rezep-taiip-erdoganga-sattilik-tiledi/

pixel