Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЖСДП қазақстандық армияны реформалауды ұсынды

Опубликовано:

ЖСДП
Фото: ЖСДП баспасөз қызметі

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) өкілдері қазақстандық армияны бірыңғай келісімшарт бойынша әскери қызметшілерден жинақталатындай етіп, кәсіби негізге толығымен ауыстыруды ұсынып отыр.

2022 жылы әскерге шақырылғандар саны 2 мыңға артып, мерзімді қызметтегі сарбаздар саны 35 мыңға жетті. 14 мыңнан астам адам Қарулы күштерге шақырылды. Мерзімді қызметтегілердің қалған бөлігі, яғни, 13 мыңы - Ұлттық ұлан, 8 мыңы – басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарын толықтырды.

"Әскери қоймалардағы жарылыстардың, жарғыға сай емес қарым-қатынастардың, әскери қызметкерлер өлімі секілді қайғылы оқиғаларға байланысты ата-аналар ұлын әскерге жіберуден қорқады. Өкінішке қарай, әскерге деген сенім жоқ", - деп атап өтті ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов.

Олардың айтуынша, мерзімді әскери қызметтегі қызылордалық сарбаздың аяқ астынан психиатриялық ауруханаға түсуі, ал Жамбыл облысында әскери қызметшінің бөтен үйге себепсіз кіріп, әйелдерді ұрып-соғуы сынды мысалдар әскердегілердің психологиялық жай-күйі туралы ойлануды талап ететін жайттар.

"Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру жүйесін реформалаумен айналысуы үшін тағы қанша баламыз өліп, мүгедек болуы керек? Бос баяндамалар мен ұрандардың орнына қазақстандық армияны нақты реформалаудың уақыты келді. Біз Қарулы күштердің жеке құрамы өз өмірін әскери қызметпен байланыстырғысы келетін азаматтардан құрылуға тиіс деп санаймыз", - деп атап өтті Асхат Рахымжанов.

Партияның Павлодар филиалының мүшесі Ажар Сағандықова кейінгі кездері аналар балаларын әскерге жібергісі келмейтінін айтты.

"Армия кәсіби болуы керек және өз қатарына тек кәсіби негізде қызмет еткісі келетіндерді қосуы керек. Ескере кететін тағы бір жайт, әскерге кей қыздар да барғысы келеді. Әділ болу үшін және гендерлік теңдік қағидаттарын сақтау үшін олардың да пікірін ескеру қажет", - деп атап өтті ол.

Басып шығарушы: Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының баспасөз қызметі, Астана қаласы, Қабанбай батыр 5/1

Тапсырыс беруші: Самбетбай Тазабек

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия сайлауалды қорының қаражат есебінен төленді.

*Бұл ақпаратты кез келген БАҚ-та кез келген түрде көшіруге, жариялауға, қайта басып шығаруға, көбейтуге және/немесе таратуға тыйым салынады (веб-сайтта, БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі, әлеуметтік және блог-платформалардағы аккаунттарында, мессенджерлерде жариялау және қайта жариялау); сондай-ақ бұл ақпаратты кез келген әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жалпыға ортақ және жеке аккаунттарда таратуға және репост жасауға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013293-zsdp-qazaqstandyq-armiyany-reformalaudy-usyndy/

pixel