Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

507 287 қазақстандық Respublica партиясының қатарына қосылды

Опубликовано:

Respublica партиясы
Фото: Respublica партиясы

Respublica партиясының сайлау алдындағы туры Ұлытау өңірінде аяқталды. Үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде партия жетекшілері мен кандидаттары еліміздің барлық өңірін аралап, 40 000 шақырымдай жол жүріп, халықпен 60 000-нан астам кездесу өткізді. Respublica жетекшісі Айдарбек Қожаназаров науқанды қорытындылау кезінде атап өткендей, осы уақыт ішінде партия қатарына өтуге 507 287 өтініш түскен.

Сайлауалды тур барысында партия өкілдері барлық өңірдегі азаматтардың мәселелерін жан-жақты талдап берді. Атап айтқанда, кәсіпкерлердің, қоғамның орта табының негізін құрайтын ШОБ мәселелеріне баса назар аударылды. Партияның басты мақсаттарының бірі – Қазақстанда орта таптың басым болуын қамтамасыз ету. Ал шағын, бірақ табысты бизнеске ие болу әрбір екінші азамат үшін қалыпты жағдайға айналуы тиіс.

Науқан кезінде түрлі санаттағы азаматтармен, соның ішінде кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, мамандандырылған бірлестіктермен, спортшылармен, ғылыми қоғамдастықтармен, ақсақалдармен және жастармен кездесулер өтті.

Еске салайық, партия мүшелерінің орташа жасы – 37. Бұл – жас аудиторияны қызықтыратын факторлардың бірі: партия шараларына қатысушылардың 70 пайызын жастар құрайды. Сонымен бірге, Respublica барлығымен кездесуге ашық.

Тағы айта кетерлігі, партияны Маңғыстау өңірінде өте жылы қарсы алды. Батыста Respublica күшті қолдауға ие болды. Тек осы аймақтың партия жетекшілерімен кездесулерге 5 мыңнан астам адам қатысты. Ал Павлодар облысындағы Қалқаман ауылында партия мүшелігіне бір мезгілде түскен өтініштер саны бойынша нақты рекорд орнады. Тұрғындармен кездесу нәтижесінде жиынға қатысқан 200 азаматтың барлығы партия қатарына қосылды.

Ел ішіндегі іс-шараларға партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, тең төрағалар Динара Шүкіжанова, Бейбіт Әлібеков, Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Қуаныш Шонбай, Максим Барышев, Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар белсене атсалысты.

Кандидаттардың партиялық тізімінде төмендегі азаматтар ұсынылған:

  • Айдарбек Қожаназаров
  • Айтуар Қошмамбетов
  • Әсел Дәкен
  • Әсем Әбдірайымова
  • Бақытбек Хамит
  • Бейбіт Әлібеков
  • Дамир Суентаев
  • Данара Смайыл
  • Дархан Иманашев
  • Динара Наумова
  • Динара Шүкіжанова
  • Екатерина Смолякова
  • Өмірзақов Ермек
  • Зейнолла Абдуманапов
  • Игорь Копайлов
  • Қайрат Майышев
  • Қуаныш Шонбай
  • Қуанышбек Мұқаш
  • Қырмызы Жандосова
  • Нұрлан Қоянбаев
  • Нұргүл Тау
  • Олжас Сұлтанов
  • Олжас Болатбекұлы
  • Олжас Құспеков
  • Берденов Руслан

Бір мандатты сайлау округтері бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттар:

  • Махамбет Хасенов
  • Назигүл Шаймарданова

Respublica сайлау додасының барлық маңызды кезеңдерінен сәтті өткенін естеріңізге саламыз. 1, 10 және 16 наурызда «Qazaqstan», «КТК» және «Хабар» телеарналарында тікелей эфирде саяси партиялардың сайлауалды пікірсайыстары өтті. Теледебатта А.Қожаназаров, С.Тау және Д.Шүкіжанова жарыссөздерге шықты. Телекөрермендердің дауыс беру нәтижесінде Respublica жеті партия арасында рейтингте тұрақты түрде екінші орынды иеленді. Бірінші жағдайда партияны көрермендердің 14,8 пайызы, екіншісінде - 15 пайызы қолдады.

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев өзінің Telegram-арнасында партияны білікті жұмысшылар, шағын кәсіпкерлер, орта бизнес иелері қолдайтынына сеніп, сайлауда партияны 2-3 орынға ие болады деп болжам жасады.

Өндіруші: Республикалық штаб Астана қаласы, Қонаев 23

Тапсырыс беруші: Құспеков О.Х.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудағы "Respublica партиясы" ҚБ Сайлау қорының қаражаты есебінен төленеді.

*Бұл ақпаратты кез келген БАҚ-та кез келген түрде көшіруге, жариялауға, қайта басып шығаруға, көбейтуге және/немесе таратуға тыйым салынады (веб-сайтта, БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі, әлеуметтік және блог-платформалардағы аккаунттарында, мессенджерлерде жариялау және қайта жариялау); сондай-ақ бұл ақпаратты кез келген әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жалпыға ортақ және жеке аккаунттарда таратуға және репост жасауға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013333-507-287-qazaqstandyq-respublica-partiyasynyn-qataryna-qosyldy/

pixel