Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев сайлауда дауыс берді (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесінде дауыс беруде
Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беруде. Фото: Т.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан парламенті мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді.

Президент дауыс беруге сайлау учаскесіне келді
Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беруге келді. Фото: Т.me/aqorda_resmi

Еске салсақ, бүгін, 19 наурызда Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Республикада және шетелде сағат 07:00-ден ашылған сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013445-toqaev-sailauda-dauys-berdi-foto-video/

pixel