Қазақстандықтардың үштен бірі сайлауда дауыс берді: ОСК соңғы деректерді жариялады
Жарияланған күні:
Қазақстандағы сайлаушылардың сайлауға қатысуы түскі сағат 12-дегі мәлімет бойынша 30,65 пайызды құрады. Мұндай деректер Орталық сайлау комиссиясының ресми Telegram-арнасында берілген.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 12.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 30,65 пайызы бюллетень алған.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 33,58 пайыз
- Ақмола облысы бойынша – 33,63 пайыз
- Ақтөбе облысы бойынша – 33,18 пайыз
- Алматы облысы бойынша – 34,41 пайыз
- Атырау облысы бойынша – 30,66 пайыз
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 33,61 пайыз
- Жамбыл облысы бойынша – 35,82 пайыз
- Жетісу облысы бойынша – 33,15 пайыз
- Қарағанды облысы бойынша – 34,19 пайыз
- Қостанай облысы бойынша – 37,39 пайыз
- Қызылорда облысы бойынша – 32,78 пайыз
- Маңғыстау облысы бойынша – 32,43 пайыз
- Павлодар облысы бойынша – 34,26 пайыз
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 32,81 пайыз
- Түркістан облысы бойынша – 38,29 пайыз
- Ұлытау облысы бойынша – 34,61 пайыз
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша –34,16 пайыз
- Астана қаласы бойынша – 23,35 пайыз
- Алматы қаласы бойынша – 11,25 пайыз
- Шымкент қаласы бойынша – 19,63 пайыз
Келесі жедел ақпарат сағат 14.10-да беріледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013485-qazaqstandyqtardyn-usten-biri-sailauda-dauys-berdi-osk-songy-derekterdi-zariyalady/