Қазақстанда сайлауға қатысушылардың жартысына жуығы дауыс беріп үлгерді
Жарияланған күні:
2023 жылғы 19 наурыздағы сағат 14:10-дағы жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың жалпы санының 46,84 пайызы мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда бюллетень алды, деп хабарлайды ОСК ресми Telegram-арнасы.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 14.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 46,84 пайызы бюллетень алды.
Оның ішінде:
Абай облысы бойынша – 52,28 пайыз
Ақмола облысы бойынша – 52,12 пайыз
Ақтөбе облысы бойынша – 51,28 пайыз
Алматы облысы бойынша – 52,13 пайыз
Атырау облысы бойынша – 36,15 пайыз
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 55,14 пайыз
Жамбыл облысы бойынша – 58,32 пайыз
Жетісу облысы бойынша – 52,41 пайыз
Қарағанды облысы бойынша – 56,97 пайыз
Қостанай облысы бойынша – 62,36 пайыз
Қызылорда облысы бойынша – 54,31 пайыз
Маңғыстау облысы бойынша – 49,18 пайыз
Павлодар облысы бойынша – 51,24 пайыз
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 49,68 пайыз
Түркістан облысы бойынша – 48,37 пайыз
Ұлытау облысы бойынша – 52,29 пайыз
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 58,69 пайыз
Астана қаласы бойынша – 33,65 пайыз
Алматы қаласы бойынша – 15,38 пайыз
Шымкент қаласы бойынша – 35,61 пайыз
Келесі жедел ақпарат сағат 16.10-да берілетін болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013497-qazaqstanda-sailauga-qatysusylardyn-zartysyna-zuygy-dauys-berip-ulgerdi/