Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы мәжіліс сайлауы: Exit poll нәтижесі жарияланды

Опубликовано:

Қазақстандағы сайлау
Қазақстандағы сайлау: Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Qazaqstan арнасың телемарафоны алаңында Еуразиялық интеграция институтының exit poll деректері жарияланды. Олар елдің 17 өңірі мен үш мегаполисте сауалнама жүргізген. Сауалнамаға 30 мыңнан астам сайлаушы қатысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Екі бірдей институт Қазақстандағы мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау барысын бақылаған. Телемарафон барысында олар өз жұмысын қорыытындылады.

Еуразия интергация институтының дерегінше, сайлаушылар өз дауысын келесідей берген:

  • Amanat партиясына сайлаушылардың 53,46 пайызы;
  • "Ауыл" партиясына сайлаушылардың 10,52 пайызы;
  • Respublica партиясына сайлаушылардың 8,90 пайызы,
  • ҚХП сайлаушылардың 6,25 пайызы;
  • "Байтақ" партиясына сайлаушылардың 3,22 пайызы;
  • "Ақ жол" партиясына сайлаушылардың 7,87 пайызы;
  • ЖСДП сайлаушылардың 5,31 пайызы дауыс берген.

Ал "бәріне қарсымын" графасын сайлаушылардың 4,47 пайызы таңдаған.

"Демократия институты" ғылыми-зерттеу ассоциациясының дерегінше, сайлаушылар келесідей дауыс берді:

  • Amanat партиясына сайлаушылардың 53,33 пайызы;
  • "Ауыл" партиясына сайлаушылардың 11,26 пайызы;
  • Respublica партиясына сайлаушылардың 8,33 пайызы,
  • ҚХП сайлаушылардың 693 пайызы;
  • "Байтақ" партиясына сайлаушылардың 2,51пайызы;
  • "Ақ жол" партиясына сайлаушылардың 8,87 пайызы;
  • ЖСДП сайлаушылардың 5,12 пайызы дауыс берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013535-qazaqstandagy-mazilis-sailauy-exit-poll-natizesi-zariyalandy/

pixel