Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алты партия мәжіліске өтті": ОСК 19 наурызда өткен сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

Опубликовано:

сайлау
Сайлау. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық сайлау комиссиясыбүгінгі арнайы брифингте Қазақстанда 19 наурызда өткен парламент мәжілісі депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, саяси науқанға түскен жеті партияның алтауы мәжіліске өткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, барлық өңірдегі және шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыстарды санау аяқталған. Елімізде өткен сайлауда барлығы 6 366 441 адам дауыс берген.

Партиялар сайлаушылардың дауысын өзара былай бөліскен.

1. Amanat партиясы – 53,90 пайыз немесе 3 431 510 сайлаушы;

2. "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы – 10,90 пайыз немесе 693 938 сайлаушы;

3. Respublica партиясы – 8,59 пайыз немесе 547 154 сайлаушы;

4. Қазақстан халық партиясы – 6,80 пайыз немесе 432 920 сайлаушы;

5. "Байтақ" жасылдар партиясы – 2,30 пайыз немесе 146 431 сайлаушы;

6. "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41 пайыз немесе 535 139 сайлаушы;

7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,20 пайыз немесе 331 058 сайлаушы;

"Бәріне қарсымын" - бағаны – 3,90 пайыз немесе 248 291 сайлаушы дауыс берген.

Осылайша, сайлау қорытындысы бойынша жеті партияның алтауы мәжіліске өткен.

мәжіліс сайлауының қорытындысы
Мәжіліс сайлауының қорытындысы. Фото: ОСК

Айта кетейік, 19 наурызда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013678-zeti-partiyanyn-altauy-parlamentke-otti-osk-19-nauryzda-otken-mazilis-sailauynyn-aldyn-ala-qorytyndysyn-zariyalady/

pixel