Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанның Румыния және Словениядағы жаңа елшілерін тағайындады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Румыния және Словениядағы жаңа елшілері тағайындалып, тағы бірнеше елдегі елшілері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президент жарлығымен:

Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Сондай-ақ Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан;

Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013894-toqaev-qazaqstannyn-rumyniya-zane-sloveniyadagy-zana-elsilerin-tagaiyndady/

pixel