Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Транскаспий халықаралық көлік дәлізі жобасына инвестиция тартуды тапсырды

Опубликовано:

Президент Ренат Бектұровты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауы. Фото: Т.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады. Кездесуде президент Транскаспий халықаралық көлік дәлізі жобасына инвестиция тартуды тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

Президентке "Астана" халықаралық қаржы орталығының инновациялық қаржы өнімдері мен қызметтерді дамыту, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру, сондай-ақ АХҚО-ның жаңарған даму стратегиясы аясында негізгі бизнес-серіктестермен өзара байланыс жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына орнықты қаржыландыру құралдарының аясын одан әрі кеңейту және еліміздің көмірсутегі бейтараптығына жету мақсатын қаржыландыруды жүзеге асырудағы Орталықтың рөлі жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден инвестиция тарту үшін қажетті инфрақұрылым құрып, жағдай жасауда, сондай-ақ қор нарығы мен ел экономикасын дамытуда АХҚО-ның маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Президент Орталықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігіне, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізі секілді маңызды инфрақұрылым жобаларына ауқымды инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау керек екеніне назар аударды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013974-toqaev-transkaspii-xalyqaralyq-kolik-dalizi-zobasyna-investiciya-tartudy-tapsyrdy/

pixel