Келесі айда Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясы өтеді
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Қазақстан халқы ассамблеясының XXХІI сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.
Айта кетсек, ҚХА соңғы сессиясы 2022 жылғы 29 сәуірде өткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014123-toqaev-qazaqstan-xalqy-assambleyasynyn-kezekti-xxxii-sessiyasyn-saqyru-turaly-okimge-qol-qoidy/