Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Шыңжаң өлкесінің басшысы Ма Синжуймен кездесті (фото)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Ма Синжуй
Қасым-Жомарт Тоқаев және Ма Синжуй. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, әңгімелесу барысында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселесіне назар аударылған. Қазақстан Шыңжаң өлкесімен өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм секілді көптеген бағыт бойынша табысты қарым-қатынас жасап отыр.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қытаймен стратегиялық серіктестік пен мәңгілік достық рухында жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге баса мән беретінін айтқан. Мемлекет басшысы екі ел арасында барлық деңгейде белсенді әрі сенімді саяси диалог қалыптасқанына тоқталып, ҚХР-ды Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі ретінде атап өткен.

"Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мырзаның былтыр қазан айында Қазақстанға жасаған сапары өте сәтті болғанын айтқым келеді. Бұл СOVID пандемиясы салдарынан болған ұзақ үзілістен кейінгі бірінші сапар екенін атап өттік. Біз өте маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Екі елдің үкіметтері мен тиісті аймақ басшыларына ең жоғары деңгейде қол жеткізген уағдаластықтарды табысты жүзеге асыру міндеті жүктелді", – дейді президент.

Президенттің Ма Синжуймен кездесуі
Президенттің Ма Синжуймен кездесуі. Фото: akorda.kz

Өз кезегінде Ма Синжуй қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізген.

"Менің сапарымның негізгі мақсаты – ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен сіздің араңыздағы маңызды стратегиялық келісімдерді жүзеге асыру. Біз Қытайдың бір өлкесі ретінде еліміздің батысындағы мемлекеттермен қарым-қатынастарды нығайтуға жауаптымыз. Қазақстан – біз үшін өзара ынтымақтастықтың басым бағыты. Жалпы, Қытай мен Қазақстанның ынтымақтастығы Шыңжаң арқылы жүзеге асырылады", – дейді Ма Синжуй.

Қасым-Жомарт Тоқаев және Ма Синжуй
Қасым-Жомарт Тоқаев және Ма Синжуй. Фото: akorda.kz

Кездесу соңында президент Шыңжаң басшысының Қазақстанға сапары өңіраралық байланысты тереңдетіп, оның бағыт-бағдарын нақтылай түсуге тың серпін беретініне назар аударған.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің ҚХР төрағасы болып қайта сайлануына байланысты оған ізгі тілегін жолдап, сәттілік тілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014201-toqaev-synzan-uigyr-avtonomiyalyq-audany-qkp-partiya-komitetinin-xatsysy-ma-sinzuimen-kezdesti/

pixel