Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды: парламенттің алғашқы сессиясы өтетін күн белгілі болды
Опубликовано:
Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын.
2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген президент қаулысында.
Айта кетейік, 19 наурызда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтті.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаттарын сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2014228-parlamenttin-algasqy-sessiyasy-29-nauryzda-otedi/