Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды: парламенттің алғашқы сессиясы өтетін күн белгілі болды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын.
2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген президент қаулысында.
Айта кетейік, 19 наурызда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтті.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаттарын сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014228-parlamenttin-algasqy-sessiyasy-29-nauryzda-otedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.