Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Аймағамбетов, Ринат Зайытов: Amanat партиясынан мәжіліске өткен депутаттар белгілі болды

Опубликовано:

Сенат депутатының жұмыс орны
Сенат депутатының жұмыс орны. Фото: Парламенттің баспасөз қызметі

Amanat партиясы мәжіліске депутаттық мандаттарды бөлді. Депутаттардың толық тізімі партияның Facebook-тағы ресми парақшасында жарияланды.

Amanat партиясының саяси кеңесі бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, парламент мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданған.

Олардың арасында бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, ақын Ринат Зайытов, журналистер Мақсат Толықбай, Нартай Аралбайұлы, мәжілістің бұрынғы депутаттары, ақын Жанарбек Әшімжан, Аманжол Әлтай, қоғам қайраткерлері Мұрат Әбенов, Айдос Сарым бар.

Партия мәлімдемесінде мәжілістегі Amanat партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32 пайызды құрайтыны айтылған.

Айта кетейік, партиялық тізімдер бойынша парламент мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлаудың қорытындысына сәйкес, Amanat сайлаушылардың 53,9 пайыз дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді.

"Аманат" партиясынан мәжіліске өткен депуттаттар
"Аманат" партиясынан мәжіліске өткен депуттаттар тізімі. Фото: facebook.com/amanat.partiasy

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014303-quramynda-asxat-aimagambetov-rinat-zaiytov-bar-amanat-partiyasynan-maziliske-otken-deputattar-belgili-boldy/

pixel