Мемлекет басшысы Мәди Такиевті қызметінен босатты
Жарияланған күні:
Мәди Такиев Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Мәди Такиев аталған қызметті 2020 жылдың 24 қыркүйегінен бастап атқарған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014400-memleket-bassysy-madi-takievti-qyzmetinen-bosatty/