Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазіргі заманда халық бәрін жіті бақылап отыр

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Alexander Astafyev\TASS via Getty Images

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында әйелдер мен ерекше қажеттілігі бар жандардың мәжіліске өтуіне жағдай жасалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

"Ақпараттық технология дамыған қазіргі заманда халық бәрін жіті бақылап отыр. Осы ретте, депутаттардың ел алдындағы жауапкершілігі артқанын атап өткен жөн. Сондықтан, осы ғимаратта отырған депутаттар 5 жыл бойы саналы, парасатты түрде белсенді жұмыс істейді деп сенемін. Себебі, ел мүддесі үшін қызмет ету қажет. Бұл – "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық" деген қағиданың тағы бір көрінісі", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев осы жолы әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар жандардың мәжіліске өтуіне жағдай жасалғанын атап өтті.

"Сондай-ақ, әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар жандардың мәжіліске өтуіне жағдай жасалды. Саяси науқан қоғамдағы әрбір азамат парламентке мүше бола алатынын және "әлеуметтік лифт" жұмыс істейтінін айқын аңғартты. Әділетті қоғамның қалыптасуы дегеніміз – осы.

Бұл сайлау үміткерлерге қойылатын талап өзгергенін көрсетті. Қазір тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату өте маңызды. Мұны дұрыс түсініп, елмен етене араласа білген үміткерлер халық сайлаған өкіл атанды. Сайлаушылар өзінің мұң-мұқтажын білетін және мүддесін қорғай алатын азаматтарға дауыс берді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014482-qasym-zomart-toqaev-qazirgi-zamanda-xalyq-barin-ziti-baqylap-otyr/

pixel