Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жетілдіру керек": Тоқаев өзіне кейбір тәжірибелі ұстаздар шағымданғанын айтты

Опубликовано:

мектеп
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында білім беру жүйесін жан-жақты дамыту керектігін ескертті, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

"Адам капиталының сапасын барынша арттыру керек. Бұл мәселе менің айрықша назарымда екенін білесіздер. Себебі, Қазақстанның басты байлығы – адам.

Қарым-қабілеті зор, білімді азаматтар елімізді алға бастайды. Сол үшін білім беру жүйесін жан-жақты дамыту қажет.

Соңғы жылдары мемлекет бұл салаға инвестицияны едәуір көбейтті. Балабақша тапшылығы біртіндеп азайып келеді. Барлық облыста мектеп салу, оны жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Оқу орындарын материалдық-техникалық жабдықтау ісі жанданды. Бірақ, мұның өзі жеткіліксіз.

Білім сапасын, әсіресе, орта білімнің деңгейін арттыру үшін батыл шешім қабылдау қажет.

Білім беру саласында ұстаз – ең басты тұлға. Оның қоғамдағы абырой-беделін арттыра беруіміз керек. Алайда, мұғалімдердің, директорлардың және педагогикалық оқу орындары түлектерінің көпшілігі Ұлттық біліктілік емтиханынан өте алмады.

Маған кейбір тәжірибелі ұстаздар тиісті министрлік дайындаған тапсырмалар тым күрделі деп шағымданды. Бәлкім, оны жеңілдету, жетілдіру керек шығар. Бұл салада қатып қалған қатаң ереже болмауы керек. Бірақ, негізі, ұстаздарға қойылатын талап жоғары болуға тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014495-zetildiru-kerek-toqaev-ozine-keibir-taziribeli-ustazdar-sagymdanganyn-aitty/

pixel