Тоқаев азаматтарды Қазақстан мүддесі үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Қазақстан мүддесі үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram-арнасы хабарлады.
"Осы науқанға өте көп адам қатысты. Бұл – қалыпты үрдіс. Олардың арасында мақсаты, ұстанымы әр түрлі жандар бар.
Қазір елдің көзі ашық, көкірегі ояу, саяси сауаты жоғары. Кез келген сайлауда жеңіске жету үшін жылдар бойы қажырлы еңбек ету қажет. Халықтың және тарихтың алдындағы жауапкершілікті сезіну керек", – деді президент.
Мемлекет басшысы ұзақ мерзімді, жүйелі стратегияның арқасында ғана жеңіске жетуге болатынын айтты.
"Қажетті дауыс жинай алмаған үміткерлер үшін де бұл – үлкен тәжірибе және жаңа мүмкіндік. Баршаңызды Қазақстан мүддесі үшін жұмылып жұмыс істеуге шақырамын", – деп түйіндеді Тоқаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014496-toqaev-azamattardy-qazaqstan-muddesi-usin-zumyla-zumys-isteuge-saqyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.