Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы: Ірі кәсіпорындар мен компаниялар қазынаға көбірек төлем түсіруі керек

Опубликовано:

Доллар
Доллар. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайдың өзгергенін атап өтіп, ірі кәсіпорындар мен компаниялар қазынаға көбірек төлем түсіруі керектігін айтты, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

"Ірі кәсіпорындар және шикізат экспортымен айналысатын компаниялар қазынаға көбірек төлем түсірсе, әділдік болар еді. Бұл әлемде бар озық тәжірибе. Қазір елдегі жағдай түбегейлі өзгерді.

Әділетті Қазақстан дегеніміз – жалаң ұран емес, бұл – анық ақиқат. Алда атқаратын жұмыс көп. Біз бұған бір ел болып түгел атсалысуымыз керек", – деді президент.

Мемлекет басшысы былтырдан бері экономиканы монополиядан арылту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Бұл – Үкіметтен ерік-жігер мен жоғары кәсібилікті талап ететін күрделі процесс. Бұл жұмысты жалғастырған жөн. Трансфертті баға белгілеу, халықаралық салық салу, субсидия мен мемлекеттік ресурстарды бөлу кезінде бақылауды қамтамасыз ететін түсінікті және тиімді құралдарды қолданысқа енгізу қажет.

Президент болып қайта сайланғаннан кейін ең бірінші Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойғанымды еске саламын. Үкімет пен Бас прокуратура жеке заң жобасын әзірледі. Парламент тиісті заңды жуық арада қабылдауы керек", – деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014508-memleket-bassysy-iri-kasiporyndar-men-kompaniyalar-qazynaga-kobirek-tolem-tusirui-kerek/