Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев парламент отырыстарын тікелей эфирден көрсетуді ұсынды

Опубликовано:

VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясы
VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясы. Фото: t.me/aqorda_resmi

VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуын енді тікелей эфирден көре аласыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында алдыға бес жылдықта болатын елдегі оң өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

"Енді Үкімет шын мәнінде есеп беретін Үкіметке айналады. Министрлердің өз жұмысын жетік білуі ғана жеткіліксіз. Олар өз ұстанымын парламент алдында қорғауға қабілетті болуға тиіс.Өз бастамаларын қоғамға анық түсіндіруі қажет.

Қазір Үкіметтің қателігі мен кемшілігін ашық айтып, жөнге салып отыруға толық мүмкіндік бар.Осы мүмкіндікті халық мүддесі үшін дұрыс пайдалану керек. Парламенттің өз жұмысы да барынша ашық болуға тиіс. Бүгінде оның жиындары интернет арқылы көрсетіледі.Бұл жақсы үрдіске айналды. Оған журналистер де, қалың көпшілік те қызығушылық танытады.

Парламентте аса маңызды мәселе талқыланса, жалпы отырысты мемлекеттік телеарна арқылы тікелей эфирде көрсету қажет деп санаймын.Азаматтар өздері сайлаған депутаттың қалай жұмыс істейтінін нақты көріп, баға бере алады. Парламенттегі пікірталастар, шын мәнінде, жалпыұлттық ауқымға ие болады. Сонымен бірге, бұл тәсіл ашық саясат жүргізудің жаңа стандарттарын қалыптастыруға, қоғамдық диалог мәдениетін дамытуға септігін тигізеді. Депутат болу – биік мансап емес, бұл – зор жауапкершілік және маңызды міндет. Сіздерді халық сайлады. Жұрт өздеріңізге сенім артып отыр. Ел сенімі – ел аманаты", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014509-toqaev-parlament-otyrystaryn-tikelei-efirden-korsetudi-usyndy/

pixel