Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Қошанов мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды

Опубликовано:

Ерлан Қошанов
Ерлан Қошанов. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Жаңа шақырылымдағы мәжілістің бірінші отырысында палата спикерін сайлау рәсімі өтті. Ерлан Қошанов мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов жаңадан сайланған депутаттардың ант қабылдау рәсімінен кейін палата спикерлігіне Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды.

Сайлау рәсімі жасырын дауыс беру арқылы өтті. Ол үшін 10 минуттық үзіліс жарияланды.

Кейін мәжіліс төрағасын сайлау жөніндегі есеп комитетінің басшысы Жанарбек Әшімжанов Ерлан Қошановтың кандидатурасы бірауыздан қабылданғанын айтты.

Нәтижесінде Ерлан Қошанов мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды. Ол жалғыз үміткер болатын.

Ерлан Жақанұлы 1962 жылы Қарағанды облысында туған.

1984 жылы – Қарағанды политехникалық институтын, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып жұмыс істеген.

  • 1988-1990 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық комитетінің жұмысшы және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, жастардың әлеуметтік-экономикалық проблемалары бөлімінің меңгерушісі;
  • 1990 – 1995 жылдары – Жезқазған облыстық сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төраға орынбасары, төрағасы;
  • 1995 – 1999 жылдары – парламенті сенатының депутаты;
  • 1999 – 2001 жылдары – Үкіметтің парламенттегі өкілі;
  • 2001 – 2003 жылдары – Қазақстан премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының парламентіндегі өкілі;
  • 2003 – 2006 жылдары – Көлік және коммуникация вице-министрі;
  • 2006 – 2007 жылдары – Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы;
  • 2007 – 2012 жылдары – премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары – Үкіметтің парламенттегі өкілі;
  • 2012 – 2017 жылдары – премьер-министрі кеңсесінің басшысы;
  • 2017– 2019 жылдары – Қарағанды облысының әкімі;
  • 2019 – 2022 жылдары – президент әкімшілігінің басшысы болып қызмет етті.

2022 жылғы 1 ақпанда парламент мәжілісінің төрағасы болып сайланды.

2022 жылғы 26 сәуірде AMANAT партиясының төрағасы болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014528-erlan-qosanov-qaitadan-mazilis-toragasy-bolyp-sailandy/

pixel