Тоқаев мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
Кездесуде мемлекет басшысы Конституцияның 44-бабына сәйкес премьер-министр лауазымына ұсынылатын кандидатура жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.
Талқылауға Amanat партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев, "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Respublica партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.
Айта кетейік, бүгін Amanat партиясы жаңа премьер-министрдің лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын ұсынған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014690-toqaev-mazilistegi-sayasi-partiyalar-frakciyalarynyn-zeteksilerimen-kenes-otkizdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.