Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер және Қорғаныс министрлері лауазымын сақтап қалды

Опубликовано:

Марат Ахметжанов
Марат Ахметжанов. Фото: polisia.kz

Мемлекет басшысы еліміздің Ішкі істер және Қорғаныс министрлерін тағайындады деп, хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президент жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстанның Ішкі істер министрі лауазымына, Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстанның Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.

Еске сала кетейік, Марат Ахметжанов та, Руслан Жақсылықов та аталмыш ведомстволарды бұған дейін басқарған болатын.

Марат Ахметжанов Қазақстанның Ішкі істер министрі болып 2022 жылғы 25 ақпанда тағайындалса, Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі болып 2022 жылғы 19 қаңтарда тағайындалды.

Одан бөлек, бүгін осыған дейін Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болған Мұрат Нұртілеу еліміздің премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015162-iim-zane-qorganys-ministrleri-lauazymdaryn-saqtap-qaldy/

pixel