Антикордың бұрынғы төрағасы Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысының жарлығымен Олжас Бектенов Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды деп, хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
"Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.
Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
2001 жылы – Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша үздік тәмәмдаған.
2002-2005 жылдары – Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы.
2005-2006 жылдары – Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы болған.
2006-2009 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігінде жұмыс істеген.
2009-2012 жылдары – Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.
2012-2014 жылдары – Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.
2015-2016 жылдары – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, Қазақстан президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі.
2016-2017 жылдары –Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.
2017-2018 жылдары – Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
2018-2019 жылдары – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.
2019-2022 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болған.
2022 жылғы ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарып келді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015167-olzas-bektanov/