Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігінде бірқатар кадрлық тағайындау болды

Опубликовано:

Ішкі істер министрлігінің отырысы
Ішкі істер министрлігінің отырысы. Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ведомствоға қарасты әр түрлі департамент бастығының жаңа орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа порталы.

Сонымен, Ішкі істер министрінің бұйрығымен ақпарат және байланыс департаменті бастығының орынбасары қызметіне Арман Бәкіржанов тағайындалған.

"Полиция полковнигі Бәкіржанов осы салада 20 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Алғаш рет қызметін инженер-бағдарламашы ретінде бастаған. Соңғы лауазымы - ІІМ ақпарат және байланыс департаменті ақпаратты техникалық қорғау басқармасының бастығы", - деп жазады медиа портал.

Арман Бәкіржанов
Арман Бәкіржанов. Фото: polisia.kz

ІІМ тыл департаменті бастығының орынбасары лауазымына полиция полковнигі Рүстем Тұнғышбаев тағайындалған. Ол бұрын Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Рүстем Тұнғышбаев
Рүстем Тұнғышбаев. Фото: polisia.kz

Бұдан бөлек, Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына бұрын осы департаменттің ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы болып қызмет еткен Ольга Агафонова тағайындалған.

Сонымен қатар көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне бұрын осы департаменттің көші-қон қызметі басқармасының бастығы қызметін атқарған Мәулен Мақанов тағайындалған.

Мәулен Мақанов
Мәулен Мақанов: polisia.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015185-iski-ister-ministrliginde-birqatar-kadrlyq-tagaiyndau-boldy/

pixel