Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роман Скляр премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымын сақтап қалды

Опубликовано:

Роман Скляр
Роман Скляр. Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Роман Скляр премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-арнасы.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Үкіметтің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Роман Васильевич Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін "Инженер-құрылысшы" мамандығы, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын "Экономист" мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы "Экибастузуглеавтоматика" монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.

1989–1990 жылдары "Казпромтехмонтаж" шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды.

1990 жылдан бастап "Вахинвест" бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері болып жұмыс істеді.

1990–1999 жылдары "Ансат-Павлодар" ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор қызметтерін атқарды.

1999–2002 жылдары "Тыныс" ЖШС директоры болды.

2002–2003 жылдары Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы лауазымын атқарды.

2003–2005 жылдары Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы болып қызмет етті.

2005 жылы қантардан бастап Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы болды.

2005 жылы сәуірден бастап Павлодар облысы әкімінің аппарат басшысы болды.

2006 жылдан бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2006–2007 жылдары Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметін атарды.

2007–2008 жылдары Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры болып қызмет етті.

2008–2010 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды.

2010–2011 жылдары Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

  • 2011–2013 жылдары Көлік және коммуникация вице-министрі;
  • 2014–2016 жылдары "Қазақстан Темір Жолы" АҚ вице-президенті;
  • 2016 жылы мәжіліс депутаты, парламент мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы;
  • 2016 жылы мамырдан бастап Ұлттық экономика вице-министрі;
  • 2016–2019 жылдары Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі;
  • 2019 жылғы ақпаннан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып қызмет етті.

2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап президенттің жарлығымен премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда президенттің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда президенттің жарлығымен премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2023 жылғы 3 сәуірде президенттің жарлығымен премьер-министрдің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015238-roman-sklyar-premer-ministrdin-birinsi-orynbasary-lauazymyn-saqtap-qaldy/

pixel