Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрі болып қайта тағайындалды
Опубликовано:

Ерұлан Жамаубаев премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі болып қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, "Қаржы және кредит", 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
- 1996-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы;
- 1998-2006 жылдары Ұлттық банк Зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;
- 2006-2014 жылдары Ұлттық банктің үйлестіру департаментінің директоры;
- 2014-2015 жылдары "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі" АҚ-ның басқарушы директоры;
- 2015 жылғы шілде мен қараша аралығында Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- 2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында - Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі;
- 2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында президент көмекшісі;
- 2019 жылдың наурыз айынан бастап Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.
- 2020 жылы еліміздің Қаржы министрі болды. 2022 жылы ол бұл қызметке қайта тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015262-erulan-zamaubaev-qarzy-ministri-bolyp-qaita-tagaiyndaldy/