Асқар Әмірханов ҰҚК төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Асқар Әмірханов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды, деп жазады Ақорданың ресми Telegram-арнасы.
"Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының өкімімен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылғаны хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015266-asqar-amirxanov-uqk-toragasynyn-orynbasary-syrtqy-barlau-qyzmetinin-direktory-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.