Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азамат Есқараев Әділет министрлігін қайта басқарады

Опубликовано:

Азамат Есқараев
Азамат Есқараев. Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында.

Үкіметтің ресми сайтының мәліметінше, Есқараев Азамат Несіпбайұлы 1979 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші маманы болып бастаған.

2000-2005 жылдары Әділет министрлігінде бас маман, Заңға тәуелді нормативтік актілердің жобаларын сараптау және дайындау басқармасы бастығының орынбасары - бөлім бастығы, Заңнама департаментінің өндірістік саланың заңға тәуелді нормативтік актілерін сараптау бөлімінің бастығы, Заңнама департаменті басқармасының бастығы, Заңға тәуелді актілер департаменті басқармасының бастығы болған.

2005-2006 жылдары Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы;

2006-2007 жылдары "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері;

2007-2012 жылдары Әділет министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді: құқықтық мәселелер жөніндегі консультант, Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы, министрдің көмекшісі, Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Заңнама департаментінің директоры;

2012-2014 жылдары ЭҚСЖҚКА инспекциясының ұйымдастыру-бақылау департаментінің бастығы;

2014-2019 жылдары премьер-министрі кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2019 жылдан 2023 жылғы қаңтарға дейін премьер-министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2023 жылғы 4 қаңтардағы президент жарлығымен Әділет министрі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015347-azamat-nesipbaiuly-esqaraev-qazaqstan-respublikasynyn-adilet-ministri-lauazymyna-tagaiyndaldy/

pixel