Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына қайта тағайындалды

Жарияланған күні:

Тамара Дүйсенова
Тамара Дүйсенова. Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында.

Тамара Дүйсенова Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген, мамандығы - инженер - экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

Әр жылдары ОҚО Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі, "Перизат-холдинг" компаниясының бөлім басшысы, Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған.

Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, вице министрі және министрі, сондай-ақ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, Nur Otan париясының хатшысы сынды лауазымды қызметтер атқарған.

Одан бөлек, 2022 жылғы сәуір айында президент жарлығымен Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015351-tamara-duisenova-enbek-zane-xalyqty-aleumettik-qorgau-ministri-lauazymyna-qaita-tagaiyndaldy/